Адам тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шеберханаға барғанда ақшасын текке жұмсағысы келмейді, яғни ол сапалы нәтиже көруге келеді. Бұл өте орынды. Мысалы, сіз Алматыда кір жуатын машинаны жөндеу жұмыстарына тапсырыс бердіңіз. Шебер сіздің үйіңізге келіп, қажетті іс әрекеттерді жасап, машина жұмыс істей бастайды. Бірақ бір сұрақ туындап отыр – кір жуатын машина осындай жөндеу жұмысынан кейін қанша істейді? Бір ай, бір жыл немесе бір күн? Атап айтқанда, шебердің нашар істеген жұмысы, қосалқы бөлшектерді жөндеген кезде қызмет істеу мерзімі өтіп кеткен саймандарды пайдаланғаны, дұрыс емес іс әрекеттер және т.б. қорытынды сапаға әсер етуі мүмкін. Соның нәтижесінде тұрмыстық техника сынып қалып, сіздің көңіліңіз түсіп қалады, ал орындаушы сізге кінә тағып кепілдік қызмет көрсетуден бас тартып немесе сөздеріңізге мән бермей отырады.
Шеберлердің көбісі тұрмыстық техниканы жөндеу жұмыстарына бір жылдық кепілдік ұсынады. Егер тоңазытқыш жөндеуден кейін тағы сынып қалса, олар сізге құрылғыны сараптамаға тапсыруыңызды ұсынуы мүмкін. Сараптама бірнеше апта немесе бірнеше айға созылуы мүмкін. Бұл өте жағымсыз жағдай екеніне келісесіз ғой? Ақыр аяғында сараптаушылардың ұйғарымы жағымсыз болуы мүмкін, яғни шағым арызыңыз сіздің пайдаңызға шешілмейді және кепілдік жөндеу жұмыстарын тоқтатады. Әртүрлі себепті айтуы мүмкін, егер кепілдік келісім шарттың шарттарын оқысақ онда кепілдік ұсынылмайтын көп тармақтар көрсетілген.
Өздеріңіздің тұрмыстық техникаңызды біздің мамандарымызға жөндеу жұмыстарына тапсырыс беріп отырсаңыз, сіз қосалқы бөлшектері және жасалған жұмысқа 3 ай кепілдік аласыз. Егер осы уақыттың ішінде қайталанған ақаулары табылмаса сіздің агрегаттарыңыз бірнеше жылдар бойы дұрыс істейді деп сенеміз.
Біз қосалқы бөлшектері мен шығын материалдарын адал ниетпен іріктеп отырамыз. Жөндеу жұмыстарында тек тексерілген өндірушілердің түпнұсқалық бөлшектері ғана пайдаланылады. Үш ай – ол сынау мерзімі айтылатындай. Сол мерзімнің ішінде бір немесе басқа бір қосалқы бөлшегіндегі зауыттан шыққан ақаудың бар екендігі анықталады.
Егер кепілдік жөндеуді талап ететін болса, біз қысқа мерзімде арнайы сараптамаларсыз проблеманы жоямыз. Қызмет көрсететін шебер үшін атақ маңызды, сондықтан ол әрдайым клинттердің мүдделерін ойлайды.
Шеберханаға тапсырыс беріп сіз сенімділік, жылдамдылық және сапа аласыз. Осы сервисті достары мен таныстарыңызға ұсынып отырыңыз, сіздердің риза болғандарыңызға сенеміз.